Бас мәзір

 

ipo rus

 

conru

 

tirek

icon-41072 640_mini

ШЕШІМ ЖОБАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының Киров көшесінің атауын Алексей Щербаков көшесіне қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2- тармағына сәйкес, Смирново ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 22 қазандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылыныңКиров көшесінің атауы Алексей Щербаков көшесіне қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімінің м.а.А. Хамзин