Бас мәзір

 

ipo rus

 

conru

 

tirek

icon-41072 640_mini

Смирново ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындысы және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы

Смирново ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық  дамуының  2019 жылғы қорытындысы және
2020 жылға арналған жоспарлары туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы
05 ақпандағы Жарлығына барлық деңгейдегі әкімдер өткен жылға сәйкесті әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы халықпен есепті кезедсулерді өткізеді. 

         Смирново ауылдық округінің аумағында Смирново ауылы орналасқан, ол аудан орталығы болып табылады, халықтың жалпы саны 5964 адам. Округ бойынша экономикалық белсенді халқының саны 3801 адамды құрайды.

         Смирново ауылы теміржол станциясы болып табылады және Петропавл қаласымен теміржол арқылы да байланысады. Теміржол арқылы  алыс бағыттағы 8 жұп жолаушылар поезі жүреді, Смирново ауылын Қазақстан Республикасының қалаларымен және Ресей Федерациясымен байланыстырады. Ауданның елді мекендерімен  «Петропавл Норд» ЖШС жүзеге асыратын астобус байланысы бар.   Ауыл тұрғындарын жеке тасымалдау бойынша 9 такси автокөлігі жұмыс істеуде. Кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін жұмысқа жеткізу үшін «Смирновский элеватор», «Аккайынская РЭС», ЛЭП – 500 автобустары жүреді, оқу кезеңінде Смирново ауылы бойынша бағытты автобус жүреді.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді ұсыну бойынша жұмыс жүргізіледі. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі, оларға тиісті жауаптар, ұсынымдар, кеңестер беріледі. 2019 жылы жеке және заңды тұлғалардан 54 өтініш түсті.

 Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалған жоқ.

         2019 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша өз істерін ашуға 30 несие берілді, «Еңбек» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға
107 млн.теңге берілді. «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша
17,6 млн.теңге сомасына 52 грант берілді. 

         Өткізілген жұмыстың нәтижесінде 2019 жылы 443 адам жұмысқа орналастырылды, 141 жаңа жұмыс орны құрылды.Округ бойынша жалдамалы жұмыскерлердің саны 1530 адам, бұл халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 46%-н құруда. 

            2020 жылы 415 адамды жұмысқа орналастыру, жасалған меморандумдар мен жаңа объектілердің ашылуы арқылы 150 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

2019 жылы халықтың әлеуметтік-әлжуаз топтарын жұмыспен қамту мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды, оған 104 адам бағытталды.

         Ағымдағы жылы нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек»  бағдарламасы бойынша Смирново ауылында еліміздің еңбек күші мол аумақтарынан қоныс аударып келгендерге 8 тұрғын үй салынды, округімізге 109 адам құрамындағы 32 отбасы көшіп келді. Смирново ауылында 2020 жылы 30 үйдің құрылысы жоспарлануда. 

          Жалғыз басты тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге
17 әлеуметтік қызметші қызмет көрсетуде.

         Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 2972 га құруда. Ауылдық округтің жеке шаруашылығында келесі мал басы бар: ІҚМ – 667 бас (сиыр – 270), шошқа – 4029, қой – 1287, жылқы – 260, құс – 14227. Сүтті «Мол ТД» АШӨК бір литрді 85 теңгеден сатып алуда.       Округте 42 дүкен бар, онда 276 адам жұмыс істеуде.

          Ағымдағы жылы аудан орталығында 8 жұмыс орнын құрумен жаңа мейрамхана ашылды («Хамзин» ЖК).

         Ауылдық округтің өндіріс саласы негізінен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындармен ұсынылған:
«Смирновский элеватор» ЖШС (элеваторда астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 100 мың тоннаны құрайды), «Пункт приемки и отгрузки зерна» ЖШС - шағын-элеватор (элеваторда астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 24 мың тоннаны құрайды), «Kovko internashnal АСТЫК» ЖШС элеваторы (элеваторда астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 40 мың тоннаны құрайды),  «ИКЕА ТАСС Групп» ЖШС элеваторы 60 мың тоннаға арналған,  «Андамасов» ЖК наубайханасы – тәулігіне 500 дана нан пісіреді, өндірісте 6 адам жұмыспен қамтылған.

         Абаттандыру жұмыстары округте тұрақты түрде жүргізіледі.

          Смирново ауылының Тәуелсіздік алаңынан және көшелерден  1500 м3 қар шығарылды.

         67 су өткізу құбыры қардан тазартылды.

         Панфилов, Молодежная, Пушкин, Имақов, Жамбыл, 9 Май, Народная, Сырғабеков, Абай, Суворов, Киров, Карбышева, Папанин, Октябрьская көшелерінде ерітінді суларды шығару жұмыстары өткізілді. 

         Горький көшесі бойынша, орталық саябақта ағаштардың бұтақтарын қысқарту жұмыстары өткізілді, Жеңіс ескерткішінің ағымдағы жөндеуі өткізхілді, ағаштар, бағаналар ағартылды, балалар ойын алаңшалары сырланды, биопрудқа апаратын жолдар интерттік материалдармен себілді, қоршаулар орнатылды: ағаш және металлды – 254 м.

         «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Дорожная көшесі бойынша көше жарықтандыру шамдарының ағымдағы жөндеуі өткізілді – 18 шам орнатылды,  Киров көшесі - 3 шам, Пушкин көшесі - 3 шам, Тәуелсіздік алаңында - 7 шам, Сырғабеков көшесінде –
4 шам,  сондай-ақ Суворов, Народная, 9 Май, Титов, 25 лет Целины, Пушкин, Киров көшелерінде жарықтандырудың шамдары ауыстырылды.  Амангелді көшесінде жарықтандырудың ағымдағы жөндеуі өткізілді.

         Ағаштардың 300 көшеті отырғызылды. Орталық саябақ аумағында гүлзарлар жасалып, 2000 дана гүл отырғызылды. Қоқыстың Кіреберіс стелла сырланды. 90 тоннасы шығарылды.        Жұмабаев, Кирова 72, Больничный городок көшелері бойынша апатты қоқыс тастайтын жерлер жойылды.

         3 ескірген үй жойылды. Қатты-тұрмыстық қоқыс тастайтын жерді үймелеу жұмыстары өткізілді. Титов, 25 лет Целины көшесі бойынша қамысты шабу өткізілді. Зираттардың аумақтарын жинау бойынша сенбіліктері ұйымдастырылды.

         Смирново ауылын сумен қамту су тарату колонкалары мен тұрғын үйлерге тартылған су құбырларының желілері арқылы жүргізіледі. Смирново ауылы топтамалы су құбырына қосылған. Су тарату желілерінің ұзындығы 27,5 шақырымды құруда. Округ аумағында 3 су айдауыш мұнарасы, 139 су тарату колонкасы мен 86 өрт сөндіру гидранты бар.

         Телефон байланысын «Қазақтелеком» АҚ, «»Қазпошта  АҚ жүзеге асыруда, олар пошталы телеграф пен қалааралық автоматты байланыстың түрлерін ұсынуда, олардың сапасы аудан орталығының тұрғындарын қанағат етуде.   Мектептер 100%-ға телендандырылған және кең жолақты Ғаламтор желісіне қосылған.

         Округте 3 мектеп жұмыс істейді, онда жалпы 792 оқушы білім алуда.

Смирново № 1 және № 3 орта мектептерінде жалпы 65 орынға арналған толық күнді шағын орталықтары бар. Биылғы жылы Смирново № 2 орта мектебі мектеп-гимназиясына қайта құрылып, 3 гимназиялық сынып ашылды.   Смирново № 3 орта мектебінде соңғы үш жыл бойы балалар робототехника бойынша үйірмесіне белсенді қатысуда. Балалардың жұмыстары аудандық және облыстық жарыстарда ұсынылуда.  Жеке кәсіпкерлердің күшімен мектептерде ыстық тамақтану ұйымдастырылды.

        Үйірмелер, спорт секциялары ұйымдастырылып, демалу кештері өткізілуде.

         Округімізде емдеу жүйесі Аққайың аудандық ауруханасымен ұсынылған.    58 орынға арналған тәулік бойындағы стационар,
20 орынға арналған  күндізгі стационар, 4 дәріхана бар. Халыққа медициналық көмекті 24 дәрігер мен 76 орта медициналық қызметкер бар. Ауысымына 250 келуге арналған емхана қызмет етуде.

         Аудан орталығында аудандық Мәдениет үйі, аудандық кітапхана, балалар кітапханасы және мұражай бар.

         Жүйелі түрде оқырмандар конференциялары, кез келген жағдайаттардың қатысушыларымен жас оқырмандардың кездесулері де өткізіліп тұрады. Саяси қуғын-сүргінге шалдыққан азаматтармен кездесу дәстүрге айналды. Жеңіс күніне арналған тыл ардагерлерімен, тың игерушілерімен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» кеуде белгілерімен маратапатталған аналармен кездесулер өткізілді.  

         Округ аумағында «Әжелер» және «Славянка» ардагерлердің шығармашылық бірлестіктері бар, фольклорлық топ, қазақ ансамблі, «Меруерт» би ұжымы бар.

Жыл сайын Отбасы күніне арналған мереке өткізіледі. Мерекенің мақсаты – отбасылық құндылықтарды, рухани байлықты нығайту.

         Округте спорт жұмысы да қалыпқа келтірілген. Спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді. Біздің спортшылар аудан аумағында, сондай-ақ облыс аумағында да өткізілетін спорт жарыстарының барлық түріне белсенді қатысады. Мектептерде әртүрлі секциялар мен үйірмелер қызмет етуде, олардың түрлері тоғыз-құмалақ, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты. Округтің спортшылары жүлделі орындарға ие, солай «Ақ бидай – 2019» жазғы спорт мерекесінде біздің округ І жүлделі орынға ие болды.  Смирново № 1 және № 3 орта мектептерінің негізінде тренажер залдары бар. 1 стадион мен 4 хоккей алаңшасы бар.
9 үйірмеде 163 бала спортпен айналысатын аулалық клуб бар.

         Ағымдағы жылы Смирново ауылдық округінен 255 оқушы спорттың әртүрлері бойынша республикалық, облыстық және аудандық спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Округ тұрғындары аудандық және облыстық спорттық іс-шараларға белсенді қатысуда.  

2020 жылға арналған жоспарлар

         2020 жылы Амангелді, Жұмабаев, 9 Май, Пушкин көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланды.

         Смирново ауылының 16 жолын жөндеуге сметалық есептер жасалды, аталған көшелерде жөндеу жұмыстары қаражат бөлінген жағдайда жүргізіледі.

         «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Смирново а. көшелерін жарықтандыруға ақшалай қаражат бөлінді.

         2020 жылы халықтың кірістерін арттыру үшін және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында округ бойынша шағын несиелеуді алуды ұлғайту жоспарлануда.

         Округте өткізілетін барлық жұмыс халықтың өмір сапасын жақсартуға, тұрып жатқан жерлерді абаттандыруға бағытталды, бұл бағытта бізге жергілікті қауымдастық пен округтің барлық халқы қолдау көрсетуде.    

         Біз жастарды қолдауға, олардың басымдықтарын дамытуға, сондай-ақ қарт адамдарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға баса назар аударып, оларға барлық әлеуметтік мәселелер бойынша қолдау көрсетеміз. 

         Смирново ауылдық

округі әкімінің м.а.

         А.А.Хамзин