Бас мәзір

 

ipo rus

 

conru

 

tirek

icon-41072 640_mini

“Менің әкем (анамның) таңдауы – Қазақстан халқына қызмет ету!” тақырыбындағы шығармалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ережелер

1. “Менің әкем (анамның) таңдауы – Қазақстан халқына қызмет ету!” тақырыбындағы шығармалар байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеу шеңберінде өткізіледі.
2. Байқауды өткізу, жұмыстарды бағалау тәртібі, жеңімпаздарды іріктеп, Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарттары осы Ережемен белгіленген.
3. Байқау ұйымдастырушысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып табылады (бұдан әрі  - Департамент).

II. Байқау мақсаты

4. Байқау мақсаты:
- мемлекеттік қызметті насихаттау;
- өскелең ұрпақта мемлекеттік қызметке деген белсенді азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық әулеттерін арттыру болып табылады.

III. Байқауға қатысу шарттары

5. Байқау жасы 12-15 аралығындағы мемлекеттік қызметшілер балаларының арасында өткізіледі.
Конкурстық жұмыста ТАӘ, туылған күні, білім беру ұйымының атауы (мектептер), байланыс телефонын (үй тел., мобильді байланыс, e-mail мекен-жайы) көрсету қажет.
6. Шығарманы үміткер өз еркімен қазақ немесе орыс тілдерінде жазады, осыған дейін шығарманың интернет желісінде және басқа да ақпарат көздерінде жарияланбауы керек;
7. Конкурстық комиссия І, ІІ, ІІІ орындарды иеленген жеңімпаздарды анықтайды.
8. Байқау өткізу мерзімі мен кезеңдері:
- 1 кезең: 2020 жылғы 5 маусымнан 15 маусымға дейін - жұмыстарды қабылдау;
- 2 кезең: 2020 жылғы маусымның 16-18 аралығында – комиссиямен конкурстық жұмыстарды қарау, жеңімпаздарды анықтау;
- 3 кезең: 19 маусым – жеңімпаздарды марапаттау.
9. Шығармаларды бағалау кезінде келесі талаптар назарға алынады  (5 критерий):
- белгіленген тақырыпқа сай болуы;
- тақырыпты тереңнен ашу;
- стиль, мазмұндау тілі;
- материалдарды стандартты емес ұсыну, өзектілігі;
- өз пікірлерінің болуы, аталған тақырыпқа өз көзқарасын көрсету.
10. Әрбір критерий бойынша 5-балдық жүйе бойынша баға беріледі. Ең көп балдар жинаған үміткер жеңімпаз болып анықталады. Егер бірнеше үміткер балдардың тең санын жинайтын болса, Байқау жеңімпазын анықтау жөніндегі соңғы шешімді конкурстық комиссия төрағасы қабылдайды.
11. Конкурстық жұмыстар Департаментке Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электронды мекен-жайына немесе МОИП-тың  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript мекен-жайына «Шығармалар байқауы» сөзімен жіберіледі. Байланыс телефондары:   36-01-42, 87071571421

4. Жеңімпаздарды марапаттау

12. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
13. Байқау қорытындысы мен жеңімпаздары туралы ақпарат БАҚ-та, Департаменттің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылады. Үздік конкурстық жұмыстар Департаменттің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.