Бас мәзір

 

ipo rus

 

conru

 

tirek

icon-41072 640_mini

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 35-18 «2020-2022 жылдарға арналған Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 35-18 шешіміне (2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5840 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Смирново Аққайың ауданының ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 122087,7 мың теңге:

салықтық түсімдер – 20661,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 101426 мың теңге;

2) шығындар – 130121,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 10000 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 10000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -18033,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

- 18033,5 мың теңге:

қарыздар түсімі - 10000 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 8033,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы Аты-жөні