Кеңес шешімі |
2020 жылғы 7 желтоқсанда Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің Смирново ауылында идеологиялық ескірген және атауы жоқ көшелерді қайта атау бойынша тұрғындардың пікірін есепке алу үшін жергілікті қоғамдастықтың кеңесі (қашықтық форматта) өткізілді. Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша тұрғындар келесі көшелерді және разъездерді қайта атау туралы шешім қабылдады: П. Морозов көшесі – П. Филиппенко көшесі, Куйбышев көшесі – Қ. Таштитов көшесі, Пионерская көшесі – А. Молдағұлова көшесі, 1 разъезд – Жаңа тұрмыс, 2 разъезд – Шаховской, 3 разъезд – Қауданды, 4 разъезд – Бозарал, 5 разъезд – Жаңажол. |