Бас мәзір

 

ipo rus

 

conru

 

tirek

icon-41072 640_mini

2021-2023 жылдарға арналған Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2021-2023 жылдарға

арналған Аққайың ауданының

Смирново ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2021-2023 жылдарға арналған Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 271018 мың теңге:

салықтық түсімдер – 12914 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 258104 мың теңге;

2) шығындар -271018 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

- 0 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

 

 

2. 2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

3) мыналардан:

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

4) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы.

3. Ауылдық округ бюджетінің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

4. Ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.

5. Аудан бюджетінен ауылдық округ бюджетіне табысталған бюджеттік субвенция сомасы 20514 мың теңге белгіленсін.

6. Ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 72290 мың теңге сомасында қарастырылсын.

7. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.