Бас мәзір

 

ipo rus

 

conru

 

tirek

icon-41072 640_mini

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының разъездері мен көшелерінің атауын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов ауылдық округі Смирново ауылының келесі разъездері мен көшелерінің атауы

Бірінші көшені – Жаңа тұрмыс көшесі;

Екінші көшені – Шаховской көшесі;

Үшінші көшені – Қауданды көшесі;

Төртінші көшені – Бозарал көшесі;

Бесінші көшені – Жанажол көшесі;

Куйбышев көшесін – Қайсар Таштитов көшесі;

Пионерская көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;

П.Морозов көшесі – П.Филиппенко көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Смирново ауылдық округінің әкімі А. Хамзин